Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті
Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті бизнес қауымдастықтың мемлекеттік билік органдарымен өзара тиімді әрекеттестігін орнату мақсатында келесі салалардағы мәселелерді шешу үшін құрылған:
- металл кенін өндіру;
 - түсті металлургия;
 - қара металлургия;
 - инновациялық технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іске асыру;
 
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрақтары бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:
- тау-кен және металлургия өнеркәсіптік саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірлеу;
 - салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
 - тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
 - саланы дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттар бойынша Ұлттық палатаның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
 - саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
 - халықаралық салалық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды өндіруге қатысу.
 
    
                                    
            
            
            
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    
                    