«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлері техникалық регламенттердің талаптарын және техникалық реттеудің проблемалық мәселелерін талқылады

2023 жылғы 30 Наурыз
- Алматы қаласы
5513 просмотров

 «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарынОрыс тілінде талқылау және техникалық реттеудің проблемалық мәселелерін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар ретінде КТРМ Алматы қаласы бойынша департаментімен бірге Техникалық реттеуді Үйлестіру орталығының және «ҚазСтандарт» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының сарапшылары болды.

Дөңгелек үстелдің гибридті форматта өтуі оған мемлекеттік органдардың өкілдері (Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптау орталығы), әкімдіктердің басқармалары, сондай-ақ облыстағы бизнес өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалардың («Қазақстан Республикасы Құрылыс индустриясы ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, «QAZCEM» цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы, «Бахус» АҚ, «KAZGOR» ЖА ЖШС, «MO LIFT group» ЖШС, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ, «Талгар-Спирт» ЖШС, «Вымпел Групп» ЖШС, «Қазақстан лифттер одағы» ЗТБ, «Қазақстанның Ұлттық лифттер қауымдастығы» ЗТБ, «Жеңіс фирмасы» ЖШС, «Arba Wine» ЖШС, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «БетонСтройМастер» ЖШС, «VerStrom» ЖШС, аккредиттелген сынақ зертханалары мен сәйкестікті растау органдары және т.б.) қатысуына мүмкіндік берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты ЕАЭО «Алкогольді өнімдердің қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 047/2018) және «Лифттердің қауіпсіздігі» (КО ТР 011/2011) техникалық регламенттерінің талаптары мен жоспарланатын жаңа енгізулерін, сондай-ақ «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО ТР жобасын талқылау болды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар техникалық регламенттерді құрастыру және оларға түзетулер енгізудің ағымдағы жағдайымен таныстырылып, оларды енгізуге қатысты түйткілді мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

Ағымдағы жылы Үйлестіру орталығының сарапшылары жоғары ұлттық құқықтық актілерді жүзеге асыруға отандық кәсіпорындар мен ұлттық техникалық реттеу инфрақұрылымы дайындығы бойынша аналитикалық жұмыстарды жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда ЕАЭО-ның 52 техникалық регламенті қабылданған, оның 47-сі күшіне енген, салаларда сұрақтар көптеп жинақталған. Мүгедектерге арналған лифттердің және басқа да көтеру механизмдерінің қауіпсіздігі, алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігін реттеу және бағалау формалары, Еврокод жүйесі, сәйкестікті бағалаудағы ұйым стандарттарына көзқарастар және басқа да көптеген жүйелік және жеке мәселелер бойынша сұрақтар көтерілді.

Стандарттарды әзірлеу процедуралары, олардың ЕАЭО аясындағы мәртебесі, құрылыс саласы үшін каталогтау мәселелері де назардан тыс қалмады. Дөңгелек үстелді жүргізу барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілері жоқ инновациялық өнім құрастырған кәсіпорындардың кейбір өкілдеріне көтерілген мәселелерді талқылау және кеңесу үшін бөлек кездесулер белгіленді.

«Жалпы, бұл пікірталас форматы жиынға қатысушылар тарапынан қолдау тапты. Барлық мүдделі тараптармен техникалық реттеу мәселелерін, саудада туындайтын техникалық кедергілерді ашық және жүйелі түрде талқылау және түсіндіру қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар, қабылданатын және қолданылатын техникалық регламенттерді талдау бойынша Үйлестіру орталығы жұмысы қолдау тапты», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Таймбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер