«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті нан әкелінетін наннан арзанырақ

2015 жылғы 18 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
12526 просмотров

Сервистік қолдау ауылдарда да шағын бизнес ашуға көмектеседі

БҚО Бөкейордасы ауданы Бисен ауылдық окургінің тұрғындары жергілікті жерде өндірілген нан мен кондитерлік өнімдерді сатып алатын болады.

Бөкейордасы ауданы – облыс орталығынан ең алыста орналасқан аудан. Аумағының көп бөлігін Нарын құмдары алып жатыр. Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты – етті-сүтті мал шаруашылығы. Аудандағы жеті ауылдық округ бойынша шамамен сегіз жүзге жуық кәсіпкер тіркелген.

Үстіміздегі жылдың ақпан айында Бөкейордасы ауданында Кәсіпкерлер палатасының филиалы және Кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды. Жұмыс жасаған тоғыз ай ішінде Кәсіпкерлерді қолдау орталығында 711 консультация беріліп, құжаттар даярлаудан бастап өндіріс ашуға дейінгі аралықта бизнес-жобалар сүйемелденді, әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша, мемлекеттік органдармен даулы мәселелерде бизнес мүддесін қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бөкейордасы ауданындағы Бисен ауылында жеке кәсіпкер Күләш Биданованың наубайхана ашуы үлкен оқиға болды. Бизнес-идея құру мен құжаттар даярлаудан бастап, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 1 350 000 теңге мөлшерінде кредит алғанға дейін және жабдықты орнатуға дейін жобаны жүзеге асыру Кәсіпкерлер палатасы филиалының көмегімен өтті.

Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы нысанды салтанатты ашу рәсімінде аудан тұрғындарының кәсіпкерлік жолындағы жетістіктеріне қуаныш білдіріп, Күләш Бидановға табыс тіледі және естелік сыйлық табыстады.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Бибігүл Жұмағұлова бизнес ханымды алғашқы жеңісімен құттықтады. «Дағдарысқа, бөгеттерге, теңге бағамының құлауына қарамастан, мақсатқа жету жолында табандылық әрі ауыл халқына үлгі көрсеттіңіз. Мемлекет қолдауын алудан қорқудың қажеті жоқтығын көрсеттіңіз. Себебі бизнес құру үшін кредитсіз жұмыс жасау қиын. Оның үстіне өзіңіз тыным таппай еңбек етумен бірге, екі жұмыс орнын беріп отырсыз», - деп жүгінді Бибігүл Жұмағұлова Күләш Биданова мен оның ауылдастарына.

«Нұр Отан» партиясының өкілдері, ауылдық округ әкімі тілектерін білдіріп, көп балалы ана Рәзия Түнғатарова батасын берді. Наубайхана ашылуына жастар да қызығушылық білдіріп, бұл көңілге қуаныш ұялатып, ауыл кәсіпкерлігін дамытудағы сабақтастыққа деген сенімді нығайтты. Қонақтар наубайхана ішін тамашалап, нан пісіретін пешті, қамыр илейтін жабдықты, кондитерлік өнімдерге арналған жабдықты өз көздерімен көріп, дәм татып шықты. Нан иісі мен өндірістегі ерекше ауан әркімнің де көңілінен шықты. Ауылдастарын әсіресе жергілікті нанды әкелінетін наннан арзанырақ сатып алатындары қуантты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер