Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің жаңа құрамы қалыптастырылды.
Кеңес құрамына өңір кәсіпкерлері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен Алматы облысының мемлекеттік органдарының – прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Мемлекеттік кірістер департаменті, Экономикалық тергеу қызметі, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасы және Заң консультанттары палатасының өкілдері енді.
Кеңес төрағасы болып өңір кәсіпкері Талғатбек Әсет Талғатбекұлы сайланды. Кеңес хатшысы болып Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Майлыбайұлы Еркін тағайындалды.
Кеңес – Өңірлік палатаның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
— кәсіпкерлердің құқықтары мен кәсіпкерлік еркіндігін қорғау;
— заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
— мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеу.
Байланыс деректері:
Қонаев қаласы, 2-ықшамаудан, 44-үй
Алматы облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы
Талғатбек Әсет Талғатбекұлы
+7 777 666 72 28
Алматы облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің хатшысы
Майлыбайұлы Еркін
+7 701 800 88 72