«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хабарландырулар

19/05/2023 - Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларын тежеу мақсатында Алматы облысының көкөніс өнімдерін өндіретін және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілерін жеңілдікпен несиелендіруге өтінім қабылдауын жалғастыруда.

Несие сомасы: 5 млн. теңге және одан жоғары
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%

Кепілдемелік қамтамасыз ету:100%

Бағаларды тұрақтандыру кезеңі: 2024 жылдың қаңтар - 2024 жылдың маусым айлары

 

          Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының өсуін тежеу мақсатында қарыз берудің негізгі талаптары:

 

  1. Қарыз кәсіпкерлік субъектілеріне мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық талаптарымен ақша қаражаты түрінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиямен (әрі қарай – Комиссия) анықталатын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес  ӘМАТ бағаларын тұрақтандыруға беріледі.
  2. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықтайды.
  3. Кәсіпкерлік субъектілеріне ӘМАТ-ты өткізуді Комиссия шешімінің негізінде, ӘМАТ-қа белгіленген бөлшек/көтерме сауда бағаларынан жоғары емес бағада қарыз шартының әрекет ету мерзімі ішінде жүргізеді.
  4. Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімін «Қонаев» ӘКК» АҚ-ға Алматы облысының аудандары мен қалалары әкімдерінің және/немесе кәсіпкерлік субъектісінің жазбаша жүгінуі негізінде ұсынылады және Комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықталады.
  5. Қарыз мерзімі Комиссия шешімі бойынша шарттың қолданылу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша ақы төлеу кезеңімен шарт жасалған сәттен бастап 12 айға дейінгі қарыз шартында бірыңғай төлеммен немесе тараптардың келісімі бойынша айқындалады, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банк кепілдігі, кепіл, сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде ұсынылады.
  6. Қарыз мерзімі кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
  7. Қарыз ұлттық валютада беріледі.

 

Байланысу деректері: азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Олжас Қыдырғали 8 705 305 60 78;

Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

«Қонаев» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (ары қарай- «Қонаев» ӘКК») көпқабатты тұрғын үй кешендерінің (ары қарай- КТК)  құрылысы бойынша конкурсқа қатысу үшін әлеуетті серіктестерден өтінімдерді қабылдайтыны туралы хабарлайды.

Жобаны іске асыру орны: Алматы облысы және Қонаев қаласы

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның қаржылық мүмкіндіктері:

2024 жылға- 1 500 000,0 мың.теңге

2025 жылға- 2 978 902,0 мың.теңге

Серіктестік нысандары: Бірлескен қызмет (консорциум).

Жоба(-лар)ны іске асыру шарттары:

  1. КТК тиісті нысаналы мақсаты бар әлеуетті серіктеске тиесілі немесе ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар, әзірленген жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) мен уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы негізінде әлеуетті әріптестің меншігіндегі  жер учаскелерінде салынады.  Жер пайдалану құқығының қолданылу мерзімі КТК салу және пайдалануға беру мерзімінен кем болмауы тиіс.
  2.  "Қонаев "ӘКК" АҚ-ның жоба(лар)ға қатысуы жоба құнының 49% -нан аспайды.
  3. Табыс тараптардың қатысу үлесіне пропорционалды түрде бөлінетін болады.
  4. «Қонаев» ӘКК» АҚ тараптарының салымдарын есептеу кезінде тараптардың осыған дейін шеккен барлық шығындарын (жер учаскесінің құны, ЖСҚ және т.б.) ескеретін тәуелсіз бағалау компаниясы (бұдан әрі - ТБК) тартылатын болады.
  5. «Қонаев «ӘКК» АҚ-ның үлесін қайтару мерзімі КТК пайдалануға берілгеннен кейін 6 айдан кешіктірілмеуі тиіс.
  6.  Аванс сомасына, бірақ «Қонаев «ӘКК» АҚ қаржыландыру сомасынан 30% - дан аспайтын сомаға банк кепілдігін және/немесе жоғары өтімді кепілді және/немесе сақтандыру шартын ұсыну.
  7.  Бұдан әрі қаржыландыру орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойылғаннан кейін Әлеуетті серіктестің бұрын салынған шығындарын ескере отырып, тараптардың қатысу үлесін негізге ала отырып, барабар жүзеге асырылатын болады.
  8.  Әлеуетті әріптестерді (серіктестерді) іріктеуді комиссия қаржылық көрсеткіштер мен әлеуетті серіктестердің (серіктестерді) жобаны(ларды) іске асыруға дайын болу дәрежесін негізге ала отырып жүзеге асырады.

Әлеуетті серіктестерге қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Болуы  керек:

1) Алматы облысының аумағындағы кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеуі;

2) Өтінім берушінің қаржылық және өзге де есептілікке сәйкес өтінім беру күнінің алдындағы соңғы 2 (екі жыл) ішіндегі залалсыз қызметі. Заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 2 жылдан (екі жылдан) кем болған жағдайда-қызмет тіркелген кезден бастап барлық кезең ішінде залалсыз болуға тиіс.

3) тиісті нысаналы мақсаты бар, жеке меншіктегі не ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығының негізінде тиесілі, мерзімі КТК салу және пайдалануға беру мерзімінен кем болмауға тиіс жер учаскесі.

4)  ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы немесе ведомстводан тыс кешенді сараптама қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарты  бар  КТК-ға және сыртқы инженерлік желілерге жобалау-сметалық құжаттама.

5) І-ІІ санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде консорциум шеңберінде лицензиялар (қатысушылардың бірінде болуы);

6) тұрғын үй ғимараттарын салудың расталған тәжірибесі (Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада құрылыс кезінде ауданы кемінде 18 000 ш.м  және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылысы кезінде ауданы кемінде 9 000 ш.м. ,көппәтерлі тұрғын үйлерді салудың іске асырылған объектілерінің, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде көлемі кемінде 3 жыл болуы,  оның ішінде консорциум шеңберінде (қатысушылардың бірінде болуы);

7)  ұсынылатын жобаға (жобаларға) үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда,"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ арқылы үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алуда оң тәжірибенің болуы (кепілдік);

8) инженерлік желілерге қосылуға  арналған жоспарлау тапсырмасы, техникалық шарттар;

9) қаржылық қамтамасыз ету. Әлеуетті серіктестің КТК құрылысын аяқтау үшін өз үлесін қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттілігін көздейді:

- растайтын құжаттар (банктерден үзінді көшірме, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т. б.) және/немесе

- қарыз қаражаты тартылған жағдайда, екінші деңгейдегі банктің жобаға Әлеуетті серіктестің қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін кепілдік беру немесе несиелік желі ашу мүмкіндігін қарауға қатысты хаты және / немесе

- "Қонаев "ӘКК" АҚ алдында бірлесіп жауап беретін Әлеуетті әріптестің құрылтайшысы (лері) тарапынан оның қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттарды ұсына отырып, КТК құрылысын аяқтау үшін Әлеуетті әріптестің үлесін қаржыландыруды қамтамасыз етудегі жеке кепілдік (кепілдік шартын жасасу арқылы) ;

10) ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес салынған құрылыс көлеміне техникалық аудит қорытындылары (аяқталмаған құрылыс болған жағдайда).

2. Болмауы керек:

1) теріс несиелік тарихы (соңғы 36 айда үздіксіз мерзімі 180 күннен асатын қаржы институттары алдындағы өтелмеген мерзімі өткен берешек/мерзімі өткен міндеттемелер);

2) соңғы есепті кезеңдегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша берешектер;

3) бірлескен қызметке теріс әсер етуі мүмкін сот талқылауларын қамтиды.

3. ЖСҚ-ның энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкестігі (құпталады).

Құжаттар тізімі (көшірмелері):

1. қатысуға өтінім (1-қосымша);

2. жобаны іске асыруға арналған жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелері.

3. Жобаны іске асыруға жер учаскесіне ауыртпалықтар мен заңды талаптардың жоқтығы туралы уәкілетті органнан анықтама.

4. Әлеуетті серіктестің, Бас мердігердің құрылтай құжаттамасы: заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/ анықтама, жарғы, құрылтай шарты  (Жарғыда қатысушылар туралы, сондай-ақ олардың жарғылық капиталдағы үлесінің мөлшері туралы толық ақпарат болмаған жағдайда). Әлеуетті әріптестің, бас мердігердің  жарғылық капиталында 10%– дан астам үлесі бар қатысушылары болған кезде жеке тұлғалар бойынша – жеке басын куәландыратын құжаттарды, заңды тұлғалар бойынша -бенефициарлық меншік иесін анықтау үшін құрылтай құжаттарын және акцияларды (қатысу үлесін) ұстаушылардың тізілімін ұсыну қажет;

5. заңды тұлғаны-  заңды тұлғалардың қатысушыларын қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмелері);

6. Әлеуетті серіктестің атқарушы органын және Әлеуетті серіктестің бас бухгалтерін тағайындау туралы бұйрық (заңды тұлғаның түпнұсқасы не мөрімен расталған көшірмесі).

7. Қамтамасыз ету ретінде берілетін мүліктің тізбесі және олар бойынша тиісті құқық белгілейтін және құқық куәландыратын құжаттар, сондай-ақ мүліктің нарықтық құны туралы есептер (6 айдан аспайтын мерзімде).

8. Барлық несиегерлер, әрбір несиегер бойынша таратып жазылған несиегерлер алдындағы берешек сомасы көрсетілген Әлеуетті серіктестің жазбаша анықтамасы (ақпараты). Әлеуетті серіктестің өтініш берілген күннен ерте емес күні жобаға қатысу үлесінің 1% - нан асатын берешек сомасы  бар несиегерлермен салыстыру актілері;

9. Әлеуетті серіктестің: заңды тұлғаның бірінші басшысы, бас бухгалтер, заңды тұлғаға қатысушылары-  жеке тұлғалардың жеке куәлігінің, дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімінің көшірмелері;

10. Әлеуетті серіктестің барлық банктік шоттарының болуы және деректемелері туралы анықтамалар;

11. Әлеуетті серіктес қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасы /Әлеуетті серіктестің жалғыз қатысушысының Әлеуетті серіктестің атқарушы органын тағайындау туралы шешімі (көшірмелері);

12. Әлеуетті серіктестің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамдардың қолдары мен мөрлерінің бедерлерінің үлгілері бар құжаттар (нотариалды куәландырылған көшірме);

13. Әлеуетті әріптестің заңды тұлғасының уәкілетті органының қатысушылардың/акционерлердің қолдарымен нотариалды куәландырылған мәміленің елеулі талаптарының мазмұны бар инвестициялық жобаны іске асыру туралы шешімі (3 және 4-қосымша), уәкілетті органның директорды сайлау туралы бұйрығы мен шешімі, бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрығы (төменде қоса берілген үлгіге сәйкес);

14. Екінші деңгейдегі барлық қызмет көрсететін банктерден, қаржы және микронесиелік ұйымдардан соңғы 12 ай ішіндегі шоттар бойынша айналымдар бойынша кредиттік берешек туралы анықтамалар;

15. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттама (сметалық құжаттаманың бөлімдерімен) немесе келісімшарт бойынша қызметтерге ақы төлеу туралы растайтын құжаттары бар ведомстводан тыс кешенді сараптама қызметтерін көрсетуге арналған келісімшарт (Т.А.Ә. және салыстыру күні көрсетілген, тиісті құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысының түпнұсқалармен салыстыру туралы белгісі бар, көшірмелері,);

16. Бірлесіп іске асырылатын жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштері (2-қосымша);

17.  Жоба бойынша маркетингтік талдау және маркетингтік жоспар, сату жоспары, іске асыру кестесі және іске асырудан түскен қаражатпен бірге бизнес-жоспар.

18. Жобаны бірлесіп іске асыру шеңберінде "Қонаев "ӘКК" АҚ-ның қайтарымды үлесін есептеу (5-қосымша).

19. Инженерлік коммуникацияларды қосуға арналған техникалық шарттар, сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бар болса);

20. Қаржылық қамтамасыз етудің бар екендігін растау үшін:

- банктерден үзінді көшірме, қолданыстағы активтерді бағалау туралы есептер және т. б. және / немесе

- қарыз қаражаты тартылған жағдайда, екінші деңгейдегі банктің жобаға Әлеуетті серіктестің қатысу үлесін қамтамасыз ету үшін кепілдік беру немесе несиелік желі ашу мүмкіндігін қарастыруға қатысты хаты және / немесе

- құрылтайшының қаржылық тұрақтылығын растайтын құжаттарды ұсына отырып, Әлеуетті әріптестің құрылтайшысы (лары) тарапынан жеке кепілдік (кепілдік шартын жасасу арқылы) беріледі.

21. КТК құрылысы басталған жағдайда- мамандандырылған ұйымнан салынған көлемге берілген техникалық аудит қорытындысы, КТК құрылысының нормативтік мерзіміне құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон, инжинирингтік қызметтерге (авторлық және техникалық қадағалауға) арналған келісімшарт ұсынылады;

22. Несие бюросының есебі;

23. Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есепке қажет берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

24. Соңғы 3 жылдағы қаржылық есептілік (оның ішінде консорциумды ұйымдастыру кезінде);

25. Есепті тапсырғандығы  туралы Салық комитетінің белгісі бар соңғы есепті жылға арналған салық декларациясы немесе электрондық растау;

26. І-ІІ санаттағы құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған Лицензия, консорциум жағдайында қатысушылардың біреуінің лицензиясын беру;

27. Штат кестесі (қолда бар еңбек ресурстары);

28. Портфолио;

Әлеуетті әріптестерден өтінімдер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 18 ш / а,  Құрманғазы көшесі, 31. spk.qonaev@gmail.com. Қосымша ақпаратты 8-707-353-93-08 (К.А. Жексембаев), 8-775-949-49-11 (Ш.Б. Қосанов) телефондары арқылы алуға болады.

 

    «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының 2023 жылғы 16 ақпандағы «Астананың облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Кәсіпкерлер палаталары қызметтерінің кейбір мәселелері туралы» шешіміне сәйкес, Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық кеңестерінің құрылатыны туралы хабарлайды:
1) өнеркәсіп жөніндегі салалық кеңес;
2) құрылыс жөніндегі салалық кеңес;
3) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі салалық кеңес;
4) агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі салалық кеңес;
5) көлік және логистика жөніндегі салалық кеңес;
6) туризм жөніндегі салалық кеңес;
7) сауда және қызмет көрсету жөніндегі салалық кеңес;
8) білім жөніндегі салалық кеңес;
9) денсаулық сақтау жөніндегі салалық кеңес.
     Салалық Кәсіпкерлер кеңесінің мақсаты – Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау.
     Құжаттар тізімі:
1) кәсіпкерлердің салалық кеңесінің мүшелігіне кандидаттың (саланың санатын көрсете отырып) нысандағы өтініші;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/куәліктің көшірмесі
кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік тіркеу;
3) нысандағы кандидаттың түйіндемесі (фотосуретімен);
4) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
5) кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысушылар туралы белгiленген үлгiдегi анықтама (тiркелген заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң анықтамасы немесе бағалы қағаздардың бiрыңғай тiркеушiсiнiң анықтамасы (тек акционерлiк қоғамдар үшiн);
6) беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын соттылығының болмауы/болуы туралы анықтама.

Өтінімдерді қабылдау: 2024 жылдың 26 қаңтардаң 26 ақпанға дейін
 Қосымша ақпаратты Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасынан 
8(72772) 79683 телефоны бойынша немесе Қонаев қаласы, 2 ықшамауданы, 44 ғимараты, 2 қабат мекенжайы бойынша алуға болады.
 

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – оператор) шағын өнеркәсіп аймақтарын (әрі қарай – ШӨА) құру және олардың жұмыс жасауы жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында, нарық қажеттіліктерін зерделеу мақсатында әлеуетті серіктестерден төмендегі жобаларға өтінімдерді алдын ала қабылдау туралы хабарлайды:

  1. Жаңа ШӨА құрылысы жобаларына;

  2. Өтініш берушінің балансында тұрған, тоқтап тұрған өндірістік үй-жайларды қайта жаңғырту жобаларына;

  3. Өтініш берушінің балансында тұрған, әрекет етуші өндірістік үй-жайды немесе жылжымайтын мүлік объектілерінің кешенін кеңейту жобаларына.

  4. Шағын өнеркәсіп аймақтары өтініш берушінің меншігіндегі не өтініш берушіге жер пайдалану құқығы негізінде тиесілі жер телімдерде, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық немесе өңірлік маңызы бар жеке не мемлекеттік индустриялдық аймақтардың аумағында құрылады.

  5. Жер пайдалану құқығының мерзімі шағын өнеркәсіп аймағын құру үшін оператормен бірлескен шаруашылық қызмет мерзімінен кем болмауы тиіс.

Әріптестік қағидалары:

  • Қайтарымдылық;

  • Қамтамасыз етілу;

  • Нысаналы сипат;

 Әлеуетті серіктестерден өтінімдер Қазақстан Республикасы, Қонаев қаласы, 2 ы/а, 38 а-құрылыс мекен жайында жүргізіледі, spk.qonaev@gmail.com Қосымша ақпаратты 8-707-353-93-08 телефон нөмірі бойынша К.Жексембаевтан, 8-778-060-71-51 телефон нөмірі бойынша Ә.Байбосыновтан алуға болады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер