«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Миллиондаған шығын: алматылық кәсіпкерлер жұмыс істеуге рұқсат сұрайды

2021 жылғы 20 Тамыз
- Алматы қаласы
16525 просмотров

Базарлар мен сауда үйлерінің өкілдері қатаң шектеусіз және локдаунсыз жұмыс істегісі келеді. Шектеусіз жұмыс істеу оларға мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы кәсіпкерлер баспасөз конференциясында айтты.

Алматыда сауда секторында, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлер мен  сауда желілерінде 115 мыңнан аса жеке кәсіпкер бар. Орташа алғанда бір кәсіпкер 2-3 адамды жұмыспен қамтып отыр. Яни орташа есеппен 280 мыңнан аса адам осы саладағы табысқа тәуелді. Мұндай көрсеткіш Алматы қаласы тұрғындарының 15%-ын құрайды.

«Бізге демалыс күндегі локдаун қиынға түсіп тұр.  Әсіресе, жалға алушылар жаңа оқу жылына деп сатып алған тауарларын толық сатуы маңызды. Сатып алушылардың негізгі бөлігі демалыс күндері келеді. Кәсіпкерлердің 90%-ында тұтынушылық несие бар, ал кіріс төмендеді», - деді «Орбита» сауда орталығының директоры Абзал Исакеев.

Орталық басшысының айтуынша, ШОБ - Алматы қаласының белсенді тұрғындарының негізгі бөлігі. Егер жағдай өзгермесе, мұндай қатаң шаралардан кейін бизнес қайта қалпына келе алмайды. Сондықтан алматылық кәсіпкерлер шектеу шараларын жеңілдетуді талап етеді.

«Егер жалға алушылардың кем дегенде 70%-ы вакцина алса, онда Ashyq жүйесімен жұмыс істейтін нысандарға демалыс күндері де жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі деген еді. Бізде қызметкерлердің 90% вакцина алған, ендігі таңда олар бұл жағдайға аң-таң және наразы. Адамдар қазірдің өзінде үмітсіздіктен жолдарды жабамыз деп қорқытуда, бірақ біз жағдайды өз бақылауымызға алдық. Өткен жылы локдаун болды, біздің сала біраз шығынға ұшырады. Сонымен қатар, дезинфекциялаушы заттарға, туннельдерге және басқа да жабдықтарға - бәріне былтыр шамамен 27 миллион теңге жұмсадық. Өз кезегінде ШОБ өз жұмысын санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жүргізіп отыр», - деді «Алатау» базары директорының орынбасары Александр Ким.

Сонымен қатар, ҚР сауда жылжымайтын мүлік девелоперлер одағының төрағасы Александр Ревин демалыс күндері енгізілген локдаунға байланысты сауда орталықтары табысының 50%-ын ала алмайтынын айтты. Базарлар үшін бұл сома айына 10 миллионнан 15 миллион теңгеге дейін жетеді.

Дмитрий Ревиннің айтуынша, ҚР сауда жылжымайтын мүлік девелоперлер одағы оларды жалға алушы болып табылатын шағын және орта бизнес өкілдеріне 30 миллиард теңгеге көмек ұсынған.

«Егер біз қаладағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты осындай қатаң шектеу шараларын енгізуге мәжбүр болсақ, шектеулерді енгізу кезінде мемлекеттік қолдау шараларын ескеруді сұраймыз. Сонымен қатар, бизнес үшін, ең алдымен, көмек алу ғана емес, сонымен қатар шектеусіз жұмыс істеу өте маңызды. Кәсіпкерлер бір демалыс күні бүкіл жұмыс аптасын алмастыратынын бірнеше рет айтқан. Мүмкіндігінше, кәсіпкерлікті қолдау шарасы ретінде біз ASHYQ-тың адал қатысушыларының, мысалы, базарлар, сауда үйлері мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмысын демалыс күндері шектемеуді ұсынамыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басшысы Айтуар Көшмамбетов.

Сондай-ақ, ол «Атамекен» басшылығы кәсіпкерлердің қызметіне қатысты алты ұсыныс жібергенін айтты. Онда  кем дегенде бір демалыс күнінде жұмыс істеуге рұқсат беру қарастырылған. Сонымен қатар, қызметкерлердің 90%-дан астамы вакцина алған бизнесті ынталандырып, оларды «Ashyq көшбасшыларымен» теңестіруін сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер