Жаңа жылды тойлау қарсаңында кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы еске салынды
2024 жылғы 19 желтоқсанда «Атамекен» ҰКП алаңында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрлігі және кәсіпкерлердің қатысуымен жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланған кеңес өтті.
Аталмыш жиынға өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері бейне-конференция арқылы байланысқа шықты.
Кәсіпкерлерге жаңа жылдық мерекелік шараларды дайындау және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау әсіресе адам көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орындары үшін маңызды. Мұндай объектілердің өрт қауіптілігі жанған кезде улы әсер ететін және үй-жайлардың түтін деңгейін жоғарылататын масштаб, адамдар, инвентарлар, полимер және синтетикалық материалдар сияқты өрт жүктемесінің үлкен мөлшерінің болуымен сипатталады.
Пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалануға ерекше көңіл бөлінді.
Жиын нәтижесінде бизнес қауымдастығына жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын барынша сақтау ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: