«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы тәлімгерлік семинарын ұйымдастырды

2024 жылғы 20 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
1850 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпорын қызметкерлеріне тәлімгерлік мәселелері бойынша семинар ұйымдастырды. Жезқазған қаласындағы Бизнес және көлік колледжінде өткен шараға түрлі кәсіпорын өкілдері жиналды.


Тәлімгерлік тренингті мультипликатор-тренері Қарлығаш Оспанова жүргізді.Семинардың мақсаты – кәсіпорынның кадрлық саясатының маңызды элементі ретінде бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көмектесу, оның ішінде жаңа қызметкерлерді бейімдеу және оқыту, кадрлардың тұрақсыздығын азайту және қызметкерлердің әлеуетін арттыру,  тәлімгерлік институтын ұйымдастыру және қалыптастыру.
Семинар нәтижесінде «Атамекен» палатасы өткізетін тәлімгерлік оқыту бағдарламасы аясында тәжірибесі бар және тағылымдамадан өткен кәсіпорын өкілдерінің арасынан өндірістік тәлімгерлер құрамы жасақталды. Бұл тәжірибелі мамандардан жас кадрларға білім мен тәжірибені берудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Ұлытау өңірі Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова өңірдегі кадр тапшылығын шешуде мұндай шараның маңыздылығына тоқталды.
Семинар білім беру мекемелері мен бизнестің өзара әрекеттесуін жақсарту жолындағы маңызды қадам болды, бұл аймақтың дамуына және білікті мамандарды даярлауға оң әсерін тигізері сөзсіз.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер