«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында кездесу өтті

2024 жылғы 24 Желтоқсан
- Түркістан облысы
529 просмотров

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері кездесті. Іс-шара Мемлекет басшысының бизнесті қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды қолдау тапсырмасы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланыс, Түркістандағы ірі инвестициялық жобалардың жағдайы, олардың проблемалары мен шешу жолдары талқыланды.

Отырыста Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев Палатаның жұмысына тоқталды:

“2024 жылы Палатаға бизнестен 141 өтініш түсіп, оның 41%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Нәтижесінде, жалпы 3,5 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтар қорғалды.

Атқарылған жұмыстар аясында 20 мәселе қаралып, 127 ұсыныс енгізілген, оның 57%-ы орындалды. «Жемқорлыққа қарсы жобалар жүздеген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға септігін тигізді.
Бизнес құқығын бұзғаны үшін:
    •    7 лауазымды тұлға «ескерту» алды,
    •    1 тұлға «сөгіс»,
    •    2 тұлға «қатаң сөгіс» алды,
    •    1 тұлға өз қызметінен босатылды.

Асылан Ибадуллаевтың айтуынша, бұл көрсеткіштер бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы нақты нәтижелерді көрсетеді. Кәсіпкерлер палатасы бизнес пен билік арасындағы серіктестік пен сенімді нығайтуға шақырады.

Бұл жиын өңірдегі бизнесті дамыту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардың қолдауын арттырудағы маңызды қадам болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер