«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кентау қаласы әкімдігі Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Кентау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын құру туралы

2022 жылғы 21 Сәуір
15141 просмотров

Жария талқылау мақсатында Кентау қаласы әкімдігінің Кентау қаласы әкімдігі Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Кентау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын (бұдан әрі  Кәсіпорын) құру туралы сұрауы жарияланады.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы  № 413-V Заңына, «Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты туралы» Заңына сәйкес және Кентау қаласы және оған қарасты ауылдардағы көпқабатты тұрғын үйлеріне жылу энергиясын беруді табиғи газбен қамтамасыз етілуіне, табиғи газбен жылыту қазандықтарын салуға және жаңадан стратегиялық нысанының құрылуына байланысты Кәсіпорынды құру қажеттілігі туындап отыр.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты – жылу энергиясын өндіру, тарату және онымен жабдықтау.

Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

– Жылу желілерінің жылу энергиясын өндіру (ЭҚЖЖ 35301);

– Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіру (ЭҚЖЖ 35302);

– Жылу энергиясын беру (ЭҚЖЖ 35303).

Сондай-ақ жарғы жобасының 14-тармағына сәйкес мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда:

- Кәсіпорынның теңгерімінде тұрған жылу желілерінің жылу энергиясын өндіру;

- Дербес қазандықтардың жылу энергиясын өндіру;

- Жылу энергиясын беру;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

Құрылтайшы – Кентау қаласының әкімдігі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер