«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысы филиалдарында аудандық кеңес құрылады

2023 жылғы 14 Наурыз
- Алматы облысы
10388 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының 2023 жылғы 16 ақпандағы "Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың Кәсіпкерлер палаталары қызметтерінің кейбір мәселелері туралы" шешіміне сәйкес Алматы облысының Кәсіпкерлердің аудандық (қалалық) кеңестерінің құрылатыны туралы хабарлайды.

Аудандық (қалалық) Кәсіпкерлер кеңесінің мақсаты - тиісті ауданның (қаланың) аумағында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру болып табылады.

Құжаттар тізімі:

  1. кәсіпкерлердің аудандық (қалалық) кеңесінің мүшелігіне кандидаттың (сала санатын көрсете отырып) нысан бойынша өтініші;
  2. мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің/ кәсіпкерлік субъектінің мемлекеттік тіркеу жөніндегі анықтаманың көшірмесі;
  3. нысан бойынша кандидаттың түйіндемесі (фотосымен);
  4. кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі;
  5. кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама не Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісінен анықтама (тек Акционерлік қоғамдар үшін);
  6. беру мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспайтын сотталғандығы жоқ / бар екендігі туралы анықтама;
  7. кандидат бағдарламасы.

Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 15 наурызынан 15 сәуіріне дейін.

    Қосымша ақпаратты Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасынан 8 (72772) 79683 телефоны бойынша немесе Қонаев, 1 ықшамауданы, 14 В корпус, 2 қабат мекенжайы бойынша алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер