«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бес төлем орнына бір төлем: оны кімдер қолдана алады және мөлшерлемесі қандай болады?

2023 жылғы 17 Наурыз
5664 просмотров

Дереккөз: zakon.kz

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді. Оны енгізуге бастама көтергендердің бірі – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болды. Төлем қызметкердің табысынан төленеді және 20%-ды құрайды. Бұрын жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін ай сайын төлемдердің бес түрін төлеуге міндетті болатын. Жиынтығында шығын шамамен 37%-ды құрады. 

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық палатасы кәсіпкерлер үшін жағдайды жеңілдету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Осылайша, бірыңғай төлемді енгізу –бизнес-қоғамдастықты бюрократияландыру жолындағы алғашқы қадам болды. Жақын арада бөлшек салықты тұрақты негізде жүргізу және Қазақстан ішіндегі тауарларға ілеспе құжаттың күшін жою жөніндегі мәселе шешілетін болады.

Ұлттық палата мамандарының айтуынша, бірыңғай төлемді оңайлатылған декларация, бөлшек салық (заң жобасы Мемлекет басшысының қолы қоюына жіберілді) және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер ғана пайдалана алады.

 «Бұрын жұмыс берушілер әр қызметкер үшін бес түрлі төлем жасауға тура келетін. Енді бәрін бір төлеммен жүргізуге болады, онда ЖТС, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақылық жарна, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым және басқа төлемдер қамтылған. Төлемнің 2023 жылғы мөлшерлемесі 20%-ды құрайды. Бұл өзгеріс жұмыс берушілерге жалпы шығындарын азайтып жұмыскерлерге еңбекақыны көбірек төлей алуына стимул болады», – деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Спикердің айтуынша, Үкіметтің жоспары бойынша бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі жыл сайын өсіп тұрады. Бұл 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушіден міндетті зейнетақы жарналарының енгізілуіне, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің 3,2%-дан 4,5%-ға дейін өзгеруіне байланысты.

Айта кетейік, «Атамекен» Ұлттық палатасы кәсіпкерлер үшін жағдайды жеңілдету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр.

Осылайша, бірыңғай төлемді енгізу –бизнес-қоғамдастықты бюрократияландыру жолындағы алғашқы қадам болды. Бір күн бұрын Қазақстан ішіндегі тауарларға ілеспе құжаттың күшін жою мәселесі шешілді Жақын арада бөлшек салықты тұрақты негізде жүргізуге қатысты мәселе ішінара шешілетін болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер