«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орта Азия және Ресейдің көтерме-тарату орталықтары цифрлық платформаға бірігуге дайын

2023 жылғы 26 Мамыр
5374 просмотров

Дереккөз: agrovesti.net

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сауда департаменті ішкі және трансшекаралық сауданы дамыту, отандық өндірушілердің тауарларын ілгерілету  мақсатында Қазақстанның КТО одағымен бірлесіп, ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу, оның ішінде көтерме-тарату орталықтарын құру арқылы осы жылдың мамырында Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы өкілдерімен кездесу өткізді.

«Кездесу барысында КТО өкілдері бірыңғай цифрлық алаңда интеграциялау қажеттігін, сондай-ақ бизнес процестерде цифрлық технологияларды пайдалануға және елдер арасында тұрақты тауар өткізгіш тізбектер құруға дайын екенін мәлімдеді. Бірыңғай қазақстандық цифрлық платформада КТО интеграциясы Ұлттық тауар өткізу жүйесін құруды бастауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП сарапшылары.

Осылайша, келешекте ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның негізгі экспорттық нарықтары – ЕАЭО, Орта Азия және ҚХР-мен тұрақты көліктік-логистикалық арналар құруға мүмкіндік беретін КТО интеграцияланған желісін салу жоспарланған.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тұрақты негізде отандық тауар өндірушілерді ілгерілету, сондай-ақ КТО жеке жобаларын қолдау бойынша жұмыс жүргізетінін атап өтеміз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер