«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының әйелдері әлеуметтік желілерде бизнесті ілгерілету дағдыларын меңгеретін болады

2023 жылғы 17 Шілде
- Алматы облысы
10416 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына қарасты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Мен кәсіпкер» жобасы аясында 125 әйелді 5 түрлі мамандыққа оқытатын болады: тырнақ сервисінің шебері, make-up стилисті, hair-стилист, SMM-менеджер және аспазшы

Бүгін SMM-менеджмент бойынша оқыту басталды. Жаңа кәсіпті өтеусіз негізде өңірдің түкпір-түкпірінен 20 әйел, оның ішінде кәсіпкерлер де, осы салада өзін дамытып, инфлюенсер болғысы келетіндер де игеруге ниет білдірді. Бұл кәсіпті оларға тәжірибелі маман, мобилограф Санжар Мейірманов үйрететін болады.

«SMM-дамыту - бизнесті стратегиялық тұрғыда ілгерілетудің маңызды құралы. Интернет қолданушыларының 90%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланады. Мұнда мақсатты аудиторияны табу және онымен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату оңай. Біз әлеуетті клиенттерді қалай қызықтыру, оларды адал ету және брендті жақсы көруге қалай сендіру керектігін білеміз», - дейді Санжар.

Әлеуметтік желілерде ілгерілету дәстүрлі әдістерден ерекшеленеді. SMM жарнамасы клиенттің көз алдында бренд имиджін едәуір жақсартуға, сондай-ақ онымен екіжақты қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқыту аясында әйелдер мобилографияның негізгі дағдыларын да игереді.

«Мен өз ісімді бастауды көптен армандадым және ақыры дегеніме жеттім. Бірақ сіздің сүйікті ісіңіз өсуі үшін Сіз де үнемі жан-жақты дамып отыруыңыз керек. SMM маркетингі әрдайым барлығының құлағында. Қазір әлеуметтік желілерде ұсынылмаған бизнесті елестету қиын. Сол үшін де Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына осындай мүмкіндік бергеніне рахмет», – деп өз әсерлерімен Ертаева Жұлдыз бөлісті .


Еншілес ұйымдар

Серіктестер