«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі өтті

2023 жылғы 13 Тамыз
- Алматы облысы
9084 просмотров

Алматы облысының Қонаев қаласында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Байқау лауреаттарына бұл жеңіс ҚР Президентімен өткізілетін республикалық деңгейінде қатысуды қамтамасыз етті. Сондай-ақ, шара аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы қатысушыларының көрмесі өтті.

Шара жаңа облыс орталығының орталық алаңында өтті. Оған 80-ге жуық кәсіпкер қатысып, көрме қонақтары тауарларды өндірушілердің бағасымен сатып ала алды.

Салтанатты ашылу рәсімі Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың сөзімен басталды. Ол өз сөзінде байқау арқылы халық арасында сапа идеясын кеңінен танытанымызға сенімді екенін атап өтті.

«Бүгінде облыста 120 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Халық тұтынатын тауарлардың отандық өндірісін қолдау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2022 жылға арналған ұлттық жобасы аясында 18,8 млрд теңгеге жобалар қаржыландырылды. Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған қолдау 250 мыңнан астам адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 26%-ын жұмыспен қамтып отырған өңір экономикасының дамуына орасан зор мультипликативті әсер береді» – деп түйіндеді әкім орынбасары.

Шара қонақтарына аспаптық ансамбльдің орындауында жанды әуендер шырқалды, әртістер музыкалық және шығармашылық нөмірлермен өнер көрсетті. Кейбір аудандар да креативпен көзге түсті. Мәселен, Жамбыл ауданының көрме қонақтарын батыр жауынгерлер мен ұлттық киімдегі көрікті қыздар қарсы алса, Қарасай өңіріне келген қонақтарды домбырадағы қазақ музыкасының дуэті қарсы алды.

Алматы облысы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Нұрсұлтан Жұмәділ қазіргі уақытта Отандық өнімдерді жарнамалау, қолдау қарқынды түрде жүріп жатқанын атап өтті.

«Онымен қоса еліміздің сауда орындарындағы сөрелерден жеткілікті көлемдегі отандық өнімдерді тез ажыратуға болатын «Қазақстанда жасалған» деген отандық брендтіміз бар. Осы орайда тұтынушыларды Елімізде өндірілетін сапалы отандық өнімдерді қолдауға шақырамын. Отанымызда өндірілетін тауарларды қол жетімді бағамен сатып ала отырып, әрқайсымыз ел экономикасының өсуіне өз үлесімізді қосамыз», - деді Нұрсұлтан Жұмәділ.

Үздік тауарлар екі номинация бойынша анықталды: «Үздік өнеркәсіп тауарлары» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Жеңімпаздарды құрамына жергілікті билік пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, облыстың Өңірлік кеңесі мен Кәсіпкерлер палатасының мүшелері кірген арнайы комиссия анықтады.

«IT&M» компаниясы «Үздік өнеркәсіп тауарлары» номинациясының жеңімпазы атанды. «IT&M» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында «Misot-Flex» маркалы синтетикалық пенопласт шығаратын желіні іске қосқан алғашқы компания.

2-ші орынды инновациялық молекулалық технологияларды қолдану арқылы әзірленген бірегей синтетикалық майларды шығаратын компания «ЛУКОЙЛ Лубрикант Центральная Азия» ЖШС иеленді.

Бұл номинация бойынша марапатты «Беріктігі жоғары кабельдік құбырлар зауыты» компаниясы жапты. Кәсіпорынның қызметі механикалық беріктіктің жоғарылауына және сәйкесінше кабельді қорғауға арналған жоғары сапалы құбырларға кепілдік беретін ТМД елдеріндегі бірінші спиральды құбырларды өндірудің инновациялық технологияларын пайдалануға негізделген.

«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында жалғыз жеңімпаз «AsiaAgroFood» АҚ атанды.

«Біз Қазақстанда сироптар, мал азығы және нан ұнының өндірісі бойынша көшбасшымыз. Біздің негізгі қызметіміз бидай дәнін ұнға және жүгері дәнін глюкоза-мальтоза сироптарына өңдеу, сонымен қатар мал азығының барлық түрлерін өндіру болып табылады. Барлық цехтар мен өндірістер Германияда, Швейцарияда, Италияда және АҚШ-та шығарылған ең жаңа, өнімділігі жоғары жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан, еңбегіміздің жақсы бағаланғанына ризамыз. Біз облысымызды республикалық деңгейде мақтанышпен көрсететін боламыз», - деп атап өтті компания өкілдері.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Ержан Дүйсекенов байқаудың мақсаты – кәсіпорындардың қызметін жандандыру, отандық тауарлардың сапасын арттыру және қазақстандық нарықты бәсекеге қабілетті өніммен толтыру екенін атап өтті.

Сондай-ақ, «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі аясында алғаш рет «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылардың өнімдері ұсынылды.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы – өз экономикасын жақсарту үшін әлеуетті табиғи ресурстарды пайдалану арқылы ауылдық жерлерде экономикалық өсудің құралы. Қағида ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, сату және кірісті арттыру үшін кәсіп ретінде бір ауыл бәсекеге қабілетті негізгі бір өнімді шығаруына негізделген.

Көрмеге қатысушылардың көпшілігі мұндай шараларға алғаш рет қатысып отырғандарын атап өтті. Мәселен, Райымбек ауданының кәсіпкер әйелі Күлпарқан Тоқтақын. Ол квиноадан емдік қара сабын жасаумен айналысады.

«Ежелден ата-бабаларымыз квиноадан жасалған қара сабынды күнделікті өмірде қолданған. Ал көне емшілер сабынның арқасында ең ауыр жараларды емдеп, тіпті операция кезінде дезинфекциялаушы құрал ретінде пайдаланған», - деп өз өндірісімен таныстырды кәсіпкер.

Көрмеде жұмыс тобы үздік 10 қатысушыны таңдады. Әрі қарай осы кәсіпкерлер туралы толық презентациялар әзірленіп, олар бренд-комитетке ұсынылады. Комитет осы тізімнен үш финалистті таңдайды. Және дәл сол финалистер бұл жобаның көптеген мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады: жылдың соңына дейін оқыту және маркетингтік қызметтер, ерекше маңызды сертификаттар, ішкі және әлемдік нарықтарда жылжыту, брендті дамыту, дизайн жасау және т.б.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер