«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының көкөнісшілері шеберліктерін шыңдады

2023 жылғы 21 Тамыз
- Алматы облысы
7726 просмотров

Алматы облысында «Кәсіпке бағыт» жобасы аясында көкөніс шаруашылығына оқыту курстары аяқталды. Мұндай мүмкіндікті диқандарға Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы ұсынды.

«Кәсіпке бағыт» жобасы «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралының бір бағыты болып табылады. «Кәсіпке бағыт» шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында салалық оқытуды қамтиды. Осы жоба аясында Алматы облысында көкөніс өсіру, балық өсіру, омарта шаруашылығы, сүт және ет бағытындағы салалар қамтылады.

Бірінші бағыт – көкөніс өсіру бойынша оқыту аяқталды. «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастық қоры» қоғамдық қорымен 15 кәсіпкер көкөніс өсіруші оқытылды.

«Біз төрт күндік тәжірибелік курс өткіздік, онда теориялық материал алу, шаруа қожалықтарын аралау, кооператив мүшелерімен және олардың шаруашылықтарымен танысу мүмкіндігі болды», - дейді Қор өкілдері.

Оқытудың алғашқы күндерінде көкөніс өсірушілерге ауылдық аумақтарды дамытуда Қордың тәжірибесі, қосылған құн тізбегін ұйымдастыру, тұтынушылармен жұмыс істеу және фермерлермен өзара есеп айырысу туралы айтылды.

Одан әрі оқушылар жеке жер телімінде пленкалы жылыжай салудың қыр-сырын, дақылдардың биологиясын, тыңайтқыштарды қолдану жүйелерін, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғауды, шығын есебін және т.б. танысты.

Көкөніс өсірушілер біліктіліктерін арттырып, осы бағыттағы кәсіптерін кеңейту үшін оқудан өткендерін айтады.

Курсты аяқтағаннан кейін қатысушылар алған білімдері мен дағдылары бойынша тест тапсырды. Курсты жақсы аяқтап, 70 пайыздан астам балл жинаған кәсіпкерлер «Курсты аяқтаған» жөніндегі сертификаттарын алды.

«Сонымен қатар, курстың барлық түлектері оқытқан кәсіпорнынан үш ай бойы қолдау алады», - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына қарасты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Дастан Жайлаубаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер