«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысының кәсіпкерлері ҚР құрылыс Кодексіне өзгерістер енгізуді ұсынды

2023 жылғы 14 Қыркүйек
- Алматы облысы
6507 просмотров

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында құрылыс, энергетика және ТКШ бойынша салалық Кеңестің отырысы өтті. Кеңес аясында қатысушылар Қазақстан Республикасы құрылыс Кодексінің жобасын талқылап, кейбір өзгерістер енгізуді ұсынды.

Отырысқа кәсіпкерлер және Алматы облысының бес басқармасы қатысты: құрылыс, жер қатынастары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Қазақстандағы құрылыс саласы қайта құрылымдау және стандарттау процесін бастан кешуде. Бизнес өкілдері Кодекс жобасы халықаралық компаниялардың халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеу мүмкіндігін ескермейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушылардың пікірінше, негізгі ұғымдар мен терминологияға терминнің нені білдіретінін нақты түсінуге мүмкіндік бермейтін жаңа анықтамалар енгізілген. Сондай-ақ инвесторлармен жұмыс істеуге арналған халықаралық инвестициялық тұжырымдамалар мен анықтамалар қарастырылмаған, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша халықаралық жобалар шеңберінде құрылыс-жобалау құжаттамасының негіздері анықталмаған.

«Қазақстанның барлық сабақтас салаларда құрылыс индустриясын дамыту үшін орасан зор әлеуеті бар, сондай-ақ халықаралық жобаларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибе бар. Бірақ әзірленген Кодекс бүкіл саланы белгісіздің түпсіз тұңғиығына апарып, қызметті кеңейтуге мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті кәсіпкер Диляра Сейітнұрова.

Осыған байланысты Кеңес мүшелері Кодекске кейбір өзгерістер енгізуді және оның жобасын талқылау мерзімін ұзартуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер