«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік нысандар салуға инвесторлар шығындарының 25% өтеуді «Атамекен» ҰКП ұсынды

2023 жылғы 19 Қыркүйек
- Маңғыстау облысы
6388 просмотров

«Атамекен» ҰКП-ы туробъектілерді салу кезіндегі шығындардың төрттен бірін инвесторларға өтеп беруді ҰКП туризм департаментінің басқарушы директоры-туризм департаментінің директоры Дамиля Құнанова халықаралық туристік форумда ұсынды. Бұл инвесторлар үшін жақсы мотивация болады, деді ол. Мәселен, бүгінде Маңғыстауоблысында туристік нысандарды салу жәнереконструкциялау бойынша инвестициялықжобалар құны 19 млрд 750 млн теңгені құрайды.

Қазақстандық туризмді дамыту – бүгінгі күннің ең басты талабы, сондықтан бұл Форум іскерлік байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу, серіктестер табу және күрделі сұрақтарды талқылау, пікір алмасу үшін тамаша алаң болып табылады. Бұған «Пандемияға дейінгі» кезеңмен салыстырғанда ішкі туристер санының 32% - ға өсуі дәлел. Барлық өңірде ішкі туризмкөрсеткішінің өсуі байқалады. Маңғыстау облысында 2023 жылы отандық туристердің 37%-ға, ал шетелдік туристердің келуі өткен жылмен салыстырғанда 63%- ға өскен. Жаңа туристік бағыттарды сапалы дамыту үшін бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жедел және уақытылы шешімдер қажет, бұл инфрақұрылымды жақсарту, цифрландыру, аймақтық саясат, қауіпсіздікті нығайту, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және тұрақты даму мәселелері.

«Бұған дейін Үкімет туристік қызмет субъектілері үшін 7 мемлекеттік қолдау шарасын қолдады, оның ішінде "туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін 10% - ға дейін өтеу". Алайда 10% өте аз. Сондықтан өтемақы мөлшерін 25% - ға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру орынды деп санаймыз. Мысалы, тек Маңғыстау облысында 19 млрд 750 млн теңгеге туристік объектілерді салу және реконструкциялау бойынша инвестициялық жобалар тізімі бар. Мұндай өзгерістер енгізілсе, жергілікті инвесторлардың ынтасын арттырып, жаңа жобалар саны көбейеді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, қолдау шаралары бойынша өтінімдер жылдың басында тек қана 2 ай қабылданады. Осыған байланысты, көптеген бизнес бұл мерзімге қатыса алмай келесі жылға қалып қояды. Бұл елеулі тосқауыл», - деп атап өтті Дамиля Құнанова.

Туризм және спорт министрлігімен және Қазақтуризммен бірлесіп, ҰКП төрт жыл бойы ішкі қазақстандық туризмді дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды. Жол картасының негізгі бөлімдерінде туристік өнімді қалыптастыру және цифрландыру, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу, туристік әлеуетті ілгерілету жөніндегі іс-шаралар қамтылған.

«Жүзеге асырылған шаралардың бір мысалы ретінде - Қазақстан мен Ресей Федерациясы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарада туристік автобустардың кезектен тыс өтуін қамтамасыз ету. Бұл жоба 2022 жылынан бастап ҚР ҰҚК қолдауымен іске асырылып келеді. Бұл бағытта заңнамалық және ұйымдастырушылық жұмыстар әлі де көп, бірақ өткен жылдың қорытындысы бойынша келесі нәтижелер байқалады: өткізу пункттерінде шекара бақылауынан өту уақыты 5 есеге қысқарып, тек бұл жоба бойынша қазақстандық туроператорлар 5 мыңға жуық шетел туристтерді қабылдады. 2023 жылы қабылданған туристер саны бойынша бұл сандар арта түседі деп санаймыз», - деп толықтырды туризм департаментінің директоры.

Туроператорлар пилоттық жобаның жоғары тиімділігін ескере отырып, нәтижесінде Солтүстік облыстар бойынша жаңа ұсыныс берді. Мысалы: «Тюмень-Көкшетау» және «Омбы-Көкшетау» жаңа әуе рейстерін ашу бойынша сұраныс бар. Әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, алдағы жылдарда Жол картасы нысаналы нарықтармен белсенді жұмыс және кіру туризм саласы бойынша шаралармен толықтырылады деп жоспарлаймыз. Мысалы, Маңғыстау облысы үшін, шет елдерінен келетін туристер статистикасы көрсеткендей, Әзірбайжан, Ресей, Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері және Қытай мемлекеттері нысаналы нарықтарға айналуы мүмкін. Сондай-ақ, өңір үшін шекаралық және трансшекаралық турларды іске асыру әлеуеті жоғары, Ол үшін авиамаршруттардың географиясын кеңейту және ұшулардың қолжетімді құны қажет.

Форумда «Сартас» визит орталығының өкілі Ербол Байжігітов сөз сөйледі. Оның айтуынша, визит орталығы өткен жылы Маңғыстау облысының солтүстігінде орналасқан Торыш - шар тастарына, Шақпақ–ата, Сұлтан-епе жерасты мешіттеріне, Жығылған, Қапамсай шатқалына және басқа да туристік тарихи жерлерге баратын саяхатшыларға жайлы және қауіпсіз жағдай жасау.

««Сартас» визит-орталығында туристтерге қажетті барлық жағдай жасалған: атап айтқанда, ақпарат орталығы, санузел, асхана, жатахана бөлмелері бар. Келген туристер үшін қазақ ауылында экскурсиялар ұйымдастырып, онда халқымыздың салт-дәстүрімен мәдениетімен танысуға мүмкіндік бар. Осы визит орталығын салғанда біз бұқаралық туризмге бағытталғанбыз. Визит орталығы облыстың осы аймағында өз бетімен келетін және де туристік мекемелердің ұйымдастырған турлары арқылы саяхаттайтын барлық туристер үшін транзиттік пунктке айналуы тиіс. Бұл жоба қазір біз үшін тиімсіз болып отыр. Соған қарамастан біз орта мерзімді перспективада табыстың оң деңгейіне жету үшін бар күшімізді салып жатырмыз», - деді Ербол Байжігітов.

Осы себепті кәсіпкер әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде Америкада осындай жобалардың тәжірибесін зерттей бастады.

«Мысалы, АҚШ-ғы ұлттық саябақтарына барған кезде біз туризмнің қарқынды дамуының бір себебі - жоғары сапалы жол мен инженерлік желілердің Визит орталығына дейін жеткізілгенін байқадық. Маңғыстау облысында бұқаралық туризмді дамыту үшін алдымен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына баса назар аудару қажеттігін атап өткім келеді. Маңғыстауда республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайы жақсы, бірақ туристік орындарға апаратын жолдар жеткіліксіз. Үкіметтен, тиісті министрліктен және жергілікті әкімдіктен туристік орындарды инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен қамтудың шаралар жоспарын кідірізсіз дайындауыңызды сұраймын. Туристік орындарға апаратын жолдар мен инженерлік желілер туризмнің дамуның катализаторы болып табылады. Бұл мәселе оң шешімін тапса, кәсіпкерлер тарапынан жақсы жобалар көп күттірмейді деп ойлаймын»,- деді Ербол Байжігітов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер