«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жуырда өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешені әзірленеді

2024 жылғы 02 Ақпан
6828 просмотров

«Атамекен» ҰКП бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен ҚР өзін-өзі реттеу институтын дамытудың түйткілді мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы үш жыл бұрын Қазақстан халқына жолдауында: «біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс бизнесіміздің парасаттылығы мен заңға мойынсұнушылығына сенеміз. Мораторий кезеңінде өзін-өзі реттеу құралдарын жандандыру қажет» екенін айтты.

Үш жыл өтіп, мораторидің қолданылу мерзімі аяқталды. Алайда Қазақстанда өзін-өзі реттеу дамымай отыр.

Біздің салалық мемлекеттік органдар өз өкілеттігін, әсіресе бақылау-қадағалау қызметін беруге асығар емес.. Бұл ретте, сертификаттау, персоналды бағалау, салалық стандарттарды әзірлеу, аудит, лицензиялаудың жекелеген түрлері сияқты өзін-өзі реттеуде бірқатар функцияны бәсекелі ортаға беру бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және салаларда реформаларды іске асыруға шоғырлануға мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік органдар жұмысын жеңілдетер еді.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 27 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде «Атамекен» ҰКП-ға келісуге 14 мемлекеттік органнан салалық шаралар кешені бойынша19 жоба келіп түсті.

Мемлекеттік функцияларды беру және өзін-өзі реттеуді дамыту бұл: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту; бюджетті үнемдеу; мемлекеттік органдарда бейінді мамандардың жетіспеушілігі жағдайында кәсіби және сараптамалық қоғамдастықтың әлеуетін барынша пайдалану; бюрократияны қысқарту; қызмет көрсету сапасын және нарық қатысушыларының жауапкершілігін арттыру мүмкіндігі.

 «Атамекен» ҰКП осыған байланысты ҚР ҰЭМ-мен бірлесіп, әрбір мемлекеттік органға өз саласында өзін-өзі реттеуді дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді ұсынды.

Ерұлан Жамаубаев кейбір функцияларды нарыққа беру керек деген пікірмен келісті, сол арқылы бюджет ақшасы үнемделіп, «нарықтан» кәсіпқойлар тартылатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер