«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодар "Атамекенінде" маркетплейстер мен интернет-ресурстардағы заңсыз өнім мәселелері талқыланды

2024 жылғы 04 Наурыз
- Павлодар облысы
4655 просмотров

Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік субъектілерімен, "Атамекен" ӨКП қызметкерлерімен маркетплейстерде тауар белгілерін пайдалану туралы "дөңгелек үстел" отырысын өткізді.

Бизнес өкілдерімен маркетплейстерде және интернет-ресурстарда контрафактілік және заңсыз өнімдерді пайдалану мәселелері, маркетплейстерді сатушылар пайдаланған кезде тауар белгілеріне құқықтардың бұзылуы, зияткерлік меншік объектілерін қорғау және оларды тіркеу мәселелері талқыланды.

"Егер бизнес маркетплейстерде жұмыс істеу кезінде кездесетін қауіптер туралы білмесе, бұл дұрыс болмас еді. Біз өз күшімізбен және серіктестерімізбен кәсіпкерлерді қандай да бір қиыншылықтардың болуы туралы ескертуге тырысамыз", - дейді "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.


Ұқсас жаңалықтар:

27 Шілде
2024
Қостанай облысы

26 Шілде
2024
Қостанай облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер