«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қауіпсіздік пен жайлылық аймағы болуы керек

2024 жылғы 05 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4797 просмотров

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының басшыларына арналған семинар Алматы қаласындағы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтті. Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және полиция басқармасының өкілдері қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін бизнес-субъектілердің қызметін тексеруге, айыппұл салуға немесе тоқтатуға қандай себептер себеп болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Жыл басынан бері Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына қоғамдық тамақтану объектілеріне 315 шағым келіп түсті. Оларға ден қою шаралары шеңберінде 26 жоспардан тыс тексеру жүргізілді және олардың 24-і бойынша айыппұлдар салынды.

«Біз қазір тексерулерді барынша азайтуға тырысамыз. Біздің кестеде жоспарлы тексерістер өте аз. Бірақ e-otinish порталына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың шағымдарына біз жауап беруге міндеттіміз. Барлық тамақтандыру кәсіпорындары сақтауға міндетті негізгі санитарлық ережелер мен талаптар бар. Негізгісі, медициналық және өндірістік бақылау, желдету жүйесі, ол тұрғын үй алабында тамақтану объектісін орналастыру кезінде қолайсыздықтар туғызбауы керек, қызметкерлерге, жабдықтарға және үй-жайларға қойылатын талаптар және т.б. Сізер олардың барлығын білесіздер, бірақ біліп ғана қоймай, оларды қатаң сақтауыңыз керек», - деп түсіндірді Алматы қаласы Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а. Гүлшат Өмірбекова.

Семинарға 20-дан астам кәсіпкер қатысты. Олар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, Санпинге енгізілген кейбір жаңалықтардың ерекшеліктерін нақтылай алды. Жалпы, «Атамекен» палатасы кәсіпкерлердің мемлекеттік құрылымдармен, инвесторлармен, әлеуетті серіктестермен және мемлекеттік емес ұйымдармен сындарлы диалогын қамтамасыз ете отырып, осындай пайдалы практикумдарды тұрақты өткізу алаңы ретінде әрекет етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер