«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дунайдан Алтайға дейін: Франчайзинг қауымдастықтары немен айналысады

2024 жылғы 22 Мамыр
5970 просмотров

«Made in Turan» ортақ бренді түркі халықтарының сауда маркаларын біріктіруді көздейді

Бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің алғашқы меморандумына қол қойылды. Құжатқа сәйкес Орталық Азиядағы франчайзинг индустриясын дамыту саласындағы өзара қолдау мен ынтымақтастық нығая түседі.

«Меморандумға қол қою өңірдегі франчайзингтің экономикалық өсуі мен дамуын ынталандыра отырып, қатысушылар арасында серіктестік байланыс пен тәжірибе алмасудың дәнекері болады», – деп атап өтті Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрайымы Гүлбану Майғарина.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов франчайзинг саласының келешегін айтты. 

Спикердің айтуынша, экономикалық қатынастардың осы түрі пандемия кезінде бүкіл әлем бойынша бизнесті аяққа тұрғызды. Статистика елдегі оң үрдісті көрсетіп отыр: былтыр франчайзингтік шарттардың саны 60% -ға өсті. Осы бағытта 3000-ға жуық отандық кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Тимур Жаркеновтың айтуынша, мұндай оң үдеріс заң шығарушы органдармен тығыз  жұмыстың нәтижесі.

«Кездесуге қатысып жатқан мемлекеттік органдардың өкілдері мемлекеттің кәсіпкерлікпен ынтымақтастық үшін қаншалықты ашық екенін көрсетеді. Біз бизнес-ортамыздың дамуы үшін одан да қолайлы болуы үшін заңнаманы жетілдіре алар едік», - деп мәлімдеді Тимур Жаркенов.

Жиында Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің және қазақстандық зияткерлік меншік институтының депутаттары Түркі кеңістігіндегі франчайзинг пен инвестицияның сапалы өсуін қолдады.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Мақсат Досқожаныңайтуынша, Үкімет 2029 жылға қарай экономика көрсеткіштерін екі есеге жақсартуды жоспарлап отыр. Спикердің айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту ауқымды мақсаттарға жетудің жалғыз көзі.

Іс-шараның маңызды болуының тағы бір себебі - бүкіл түркі әлемі үшін дамудың жаңа жолын белгілейтін «Made in Turan» брендінің алғашқы логотипінің таныстырылуы болды. Әзірбайжан делегациясы ұсынған бұл бастаманы кездесудің барлық қатысушысы қолдады. Қолдаушылар арасында бірден алты елдің: Венгрия, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан Франчайзинг қауымдастықтары болды.

Жоба авторлары Ұлы Тұранның тұжырымдамасы ортақ тарих қана емес, сонымен қатар халықтарымыздың мәдени және тілдік бірлігінің көрінісі екенін атап өтті. «Біз «Мade in Turan»  жарнаманың сұрапыл күші болады деп сенеміз», - деп бөлісті Әзірбайжан франчайзинг қауымдастығының төрағасы Джамид Мовсумов.

«Біз бренд негізіне баршамызға киелі ай мен жылқының элементтерін алдық. Жаңа туған ай түркі  халықтарының бірігуін бейнелейді. Жалпы логотип әзірлеуде ірі, ұлы бастамалар мен перспективалар болады деп топшыладық. Сонымен қатар таңдалған түс ие баршамыздың мәдениетімізге белгі береді», - деді авторлар.

Құжатқа қол қою рәсімі және түркі әлемі үшін маңызды жаңа жобаның тұсаукесері елордада «Түркі франчайзинг қауымдастықтарының халықаралық съезі: түркі кеңістігінде франчайзингті дамыту перспективалары мен мүмкіндіктері», тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында өтті. Шараны Орталық Азия франчайзинг қауымдастығы мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер