«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Qazproperty Congress-2024»: Жаңа бағытқа бағдарланған құрылыс саласы

2024 жылғы 26 Қыркүйек
6018 просмотров

Астанада «Qazproperty Congress-2024» коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы I халықаралық конгресс өтті.

Конгреске «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, «Qazproperty» қауымдастығының төрағасы Константин Глушко, коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының жетекші мамандары, инвесторлар, мемлекеттік органдар мен іскер топ өкілдері қатысты. 

Өз сөзінде Ұлттық палата басшысы кездесудің маңыздылығына тоқталды. Алғаш рет мұндай кең форматта отандық мамандармен қатар, халықаралық мамандар мен сарапшылардың қатысуымен коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы өзекті мәселелер талқыланатыны атап өтілді. Осы бағытты дамыту, ауқымды нысандар салу мыңдаған жаңа жұмыс орындарын салуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсімге және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, ол Палатаның осындай бастамаларды белсене қолдап, ілгерілетуге қол ұшын созып, мемлекет пен бизнес арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі рөлін тілге тиек етті.  

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы озық тәжірибелерді енгізуге және өркениетті нарықтық тәсілді дамытуға ықпал ете отырып, аталған бастамаларды белсене қолдайды. Бүгін түрлі панельдік сессияларда құрылыс саласының шағын, орта және ірі бизнес өкілдері нарықтың өзекті трендтерін талқылайды. Бұл Палатаның мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы өзара үндестігі», - деді Р. Баталов.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек елордада құрылыс қарқыны жыл сайын өсіп келе жатқанын және құрылыс саласы экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылатынын алға тартты. Оның айтуынша, бүгінгі конгресс мемлекет, бизнес-қауымдастық және құрылыс саласының барлық қатысушылары арасындағы диалогты қамтамасыз етеді. Мұндай іс-шараларды өткізу құрылыс саласын дамытуға, мәселелерді талқылап шешу үшін бірлескен ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.

Сондай-ақ, шара барысында өз ісінің мамандарының еңбегі атап өтілді. Марапатталғандардың қатарында ҰКП Төралқа мүшесі Қайрат Көкенов те болды. Ол «Құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясына лайық деп танылды. 

 Бұдан бөлек, «Жылжымайтын мүлікке инвестициялық қорлар мен инвестициялар», «Retail. Табысты Retail жобасының негізгі аспектілері, жалға алушы мен жалға берушінің көзқарасы», «Proptech. IT және коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығы» сияқты коммерциялық жылжымайтын мүлік саласындағы өзекті мәселелер панельді сессияларда талқыланды.

Тренд – табысқа жетудің жолы

Жалпы алғанда, экономикалық қызметтің негізгі түрлерінің ішінде құрылыс саласы экономикалық және технологиялық дамудың драйвері болып табылады. Конгресс жылжымайтын мүлік саласындағы өзекті деген трендтерге, жаңашылдыққа және стратегиялық бағыттарға, сондай-ақ тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстар орнату үшін платформа құруға арналды. Негізгі мақсаты – саланың алдында тұрған міндеттерді бірлесіп анықтау және оларды шешудің тиімді тетіктерін әзірлеу үшін барлық қатысушыларды біріктіру, сондай-ақ озық тәжірибелер мен табысты жобалармен алмасуды қамтамасыз ету болды.   

Бүгінгі конгресс қатысушыларды жаңа жобаларды жасауға итермеледі, жаңа серіктестіктер табуға мүмкіндік беріп, ынтымақтастықты нығайтудың бастамасы бола білді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер