«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Non-Food Asia Expo 2024: азық-түлік емес өнімдердегі инновациялар мен трендтер

2024 жылғы 22 Қараша
- Алматы қаласы
3207 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда сауда және интеграция министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен ұйымдастырылған Non-Food Asia Expo тұтыну тауарларының үшінші халықаралық көрмесі өтуде. Көрмеде сауда желілері мен онлайн-саудаға бағытталған тұтынушыларға арналған тауарлар бар. Экспозицияға әлемнің 20 елінен 200-ге жуық компания қатысуда.

Non-Food Asia Expo өзін отандық және шетелдік өндірушілер мен ірі бөлшек саудагерлер, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің маркетплейстері арасындағы байланысты нығайту үшін тиімді платформа ретінде көрсетті. Көрменің басты мақсаты - өткізу нарықтарын кеңейту, сату көлемін ұлғайту және жаңа тапсырыс берушілерді тарту. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижановтың пікірінше, көрме экспорт пен ішкі тауар айналымының өсуі аясында өтуде.

                     

«Біз өндірушілер мен бизнесмендер тәжірибе алмасатын диалог үшін осындай платформаны қолдаймыз, бұл тауар айналымын, халықаралық сауданы ұлғайтуға және инвестициялар тартуға ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Көрменің ашылуына қатысқан «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов мұндай халықаралық көрмелер кәсіпкерлерге  бетпе бет кездесіп, өнімді көрсетіп, уағдаластықтарға қол жеткізуге ауөымды мүмкіндік туғызып отырғанын атап өтті.

                     

«Біз Non-Food Asia Expo халықаралық көрмесі алдағы жылдары да өткізілетініне және оның қатысушылары мен өнім желісі тек кеңейтілетініне сенімдіміз. Мұнда жыл сайын инновациялық технологияларды қолдана отырып өндірілген адамдарға қажетті түрлі тауарлардың жаңалықтары ұсынылады», - деді Тимур Жаркенов.

Көрме барысында қатысушылар жетекші өндірушілер мен дистрибьюторлардың 300-ден астам брендтерімен таныса алады. Өнімдер косметика мен тұрмыстық химиядан бастап ойыншықтар мен үй бұйымдарына дейінгі барлық салаларды қамтиды. Көрмеге қатысушылар 20 елден тұрады.

                       

Көрме аясында панельдық сессиялар өтуде. Онда шақырылған спикерлер экспортты дамыту және ілгерілету, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, инвестициялық ахуал және т. б. туралы ақпарат беруде. Атап айтқанда, Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жанна Мырзақұлова кәсіпкерлікті қолдау тетіктері туралы айтып берді.

«Біз қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау арқылы шағын және орта бизнеспен белсенді жұмыс істейміз. Мысалы, несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесіне субсидиялар, несиелер бойынша кепілдіктер, жеңілдетілген несиелер, сондай-ақ гранттар беріледі. Бұл бизнестің дамуын ынталандыруға және жаңа инвестицияларды тартуға айтарлықты ықпал береді. Инвестициялардың ең үлкен көлемі жылжымайтын мүлікпен операциялар, көлік және қоймалау, өнеркәсіп, сауда және денсаулық сақтау сияқты салаларда игерілді. Атап айтқанда, біз креативті индустрияларда инвестициялар екі есеге, ал өңдеу өнеркәсібінде 60% — ға өскенін байқап отырмыз. Бұл қала экономикасын әртараптандырудың тамаша белгісі. Сонымен қатар, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар 3,84 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл шетелдік инвесторлардың Алматы нарығына тұрақты қызығушылығын көрсетеді. Бұл қаланың іскерлік және инвестициялық орталық ретіндегі тартымдылығын растайды», - деді Мырзақұлова.

                                                                                                                          

Алматы еліміздегі ең ірі сауда торабы бола отырып, бизнестің жұмысын оңтайландыруға арналған заманауи алаңдары және халықаралық ынтымақтастық үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Мысалы, Алматының индустриялық аймағында 473 млрд. теңге сомасына жалпы инвестициясы бар 92 Компания жұмыс істейді. Бұл кәсіпорындар 11 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. Сонымен қатар, шағын өнеркәсіптік парктер мен «ПИТ» АЭА да белсенді дамып, резиденттерге жеңілдік шарттарын ұсынады.

Сондай-ақ, спикерлер онлайн саудадағы артықшылықтар мен кемшіліктер туралы айтты.

                          

«Бүгінде тауарлардың 90 пайызы маркетплейстер арқылы өтеді. Сондықтан олар заманауи өндірушілер үшін үлкен артықшылық береді. Ең алдымен, бұл өнімді нарыққа жылдам шығаруға мүмкіндік. Яғни, өндіріс көлемін ұлғайтуға көмек. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес. Сауданың бұл түрі өте жылдам дамып келе жатқандықтан, бәсекелестік жоғарылайды. Ол дегеніміз демпингке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, егер маркетплейс кенеттен комиссияны көтерсе, онда алар пайдаңыздың мөлшері азаюы мүмкін», - дейді PwC Kazakhstan  өкілі Андрей Шевченко.

                    

Сонымен қатар, көрмеде В2В сессиялары өтуде. Бұл көрмеге қатысушыларға жаңа серіктестер табуға және жаңа келісімшарттар жасауға жақсы мүмкіндік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер