«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарасай ауданындағы аудандық кеңес мүшелерінің сайлауы талқыланды

2024 жылғы 09 Желтоқсан
- Алматы облысы
507 просмотров

 

Кәсіпкерлер палатасының Қарасай аудандық филиалында аудандық директор Орынбай Жанаділдің жетекшілігімен аудандық кеңес отырысы өтті. Кеңестің құрамын бекіту және Алматы облысы Кәсіпкерлерінің өңірлік кеңесіне алдғы сайладуы өткізу басты талқылау тақырыптары болды.

Кеңесті құру барысы мен алдағы сайлау туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының саланы дамыту және жобаларды қолдау бөлімінің басшысы, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Елена Константинова егжей-тегжейлі айтып берді. Ол өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту, бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ, Қарасай ауданының әлеуетін толық іске асыру жөніндегі аудандық кеңестің кеңейтілген құрамының маңыздылығына тоқталды. Елена Константинова жаңа құрамның өңірдің дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Алматы облысының Қарасай аудандық филиалының директоры Орынбай Басарұлы филиал жұмысының басым бағыттарын атап өтті: кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, өзекті мәселелерді шешу, жергілікті бастамаларды қолдау және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету. Аудандық Кеңестің жаңа құрамының өкілділігін, оның ішінде, түрлі сала өкілдері, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтың белсенді мүшелері стратегиялық жұмыс жоспарын әзірлеуге, тұрақты кездесулер өткізуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендігін атап өтті.

 

Жиынға қатысушылар облыстық Кеңес сайлауы (2025 жылғы қаңтар) туралы ақпарат алды және қарасайлық кәсіпкерлердің мүдделерін аймақтық деңгейде қорғау үшін кандидаттар ұсыну туралы үндеу қабылдады. Үміткерлерге қойылатын талаптар: ҚР азаматтығы, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасында, қауымдастықта аккредиттелген салалық немесе аудандық кеңестің не атқарушы органның мүшелігі, соңғы үш айда салық берешегінің болмауы және өтелмеген немесе алынбаған соттылықтың болмауы.

Өңірлік кеңес аудандық және салалық кеңестердің делегаттарынан, сондай-ақ аккредиттелген бірлестіктер өкілдерінен Президиум белгілеген квотаға сәйкес құрылады. Делегаттар төрт жылдық мерзімге сайланады, олардың өкілеттік мерзімі Ұлттық палатаның сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін шығарған кезде басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер