«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Литва арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту

2024 жылғы 10 Желтоқсан
- Алматы облысы
1217 просмотров

Қазақстан мен Литва Республикасын көпжылдық достық байланыстырады. Бұл тек мәдени ғана емес, екі елдің де дамуына игі әсерін тигізетін экономикалық байланыстар. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықта аймақтар маңызды рөл атқарады. Айта кетсек, Алматы облысында Литва капиталының қатысуымен 6 кәсіпорын жұмыс істейді және Литва елі Қазақстанның Еуропадағы сауда серіктестері арасында маңызды орын алады.

Елшімен кездесуге Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Дүйсекенов Ержан жергілікті бизнес өкілдерінің ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көрсету және өңірдің әлеуетіне шетелдік дипломаттардың назарын аудару мақсатында қатысты. Өз кезегінде, Литва Елшісі Эгидиюс Навикас кездесуге және Қазақстан-Литва ынтымақтастығының келешегін талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Литваның 15 ірі сауда әріптестерінің қатарына кіретінін, ал Литва елі Еуропалық Одақ бойынша Қазақстанның негізгі серіктестігі, сондай-ақ, тұрақты түрде алғашқы ондықтың қатарынан орын алып келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда әлем жаңа, заманауи мүмкіндіктер мен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді талап етеді. Өздеріңіз білетіндей, еліміздегі көптеген салалардан Литва елімен бірлесе қарқынды дамуды көре аламыз: Литва Doing Business рейтингінде 11-орында және инвестициялар мен бірлескен жобалар үшін қолайлы жағдайлар ұсына алады. Қазақстанда қазірдің өзінде литвалық капиталдың қатысуымен 150-ден астам компания жұмыс істейді және біз бұл санды кеңейтуге дайынбыз. Сондай-ақ, логистикаға назар аударсақ, Клайпеда порты Балтық аймағындағы ең ірі көлік тораптарының бірі болып қала береді, ал Rail Baltica жобасы жүктерді жеткізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Литва сонымен қатар инновациялық технологияларды, соның ішінде лазерлік өңдеуді, финтех пен IT-ды дамытуда ЕО-да жетекші орын алады.

«Біз тәжірибе алмасуға ашықпыз және бірлескен ғылыми жобаларды құруда Қазақстанмен ынтымақтастыққа дайынбыз. Медициналық туризм саласында тәжірибе алмасу да екі жаққа да тиімді болуы мүмкін, әсіресе, табиғи ресурстарға және ыстық бұлақтарға бай Алматы облысының әлеуетін ескерсек», - деді Эгидиюс Навикас.

Сондай-ақ, елші Өзбекстан үкіметінің жаңа Ташкент салу жоспарын, ал біздің тарап Алматы облысындағы Алатау қаласын салу кезіндегі құрылыс жоспарымен бөлісті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер