Өсімдік шаруашылығы бойынша оқуға сертификаттар беру
Жаңаарқа ауданында «Өсімдік шаруашылығы» тақырыбындағы оқытудың қорытындысы бойынша Ұлытау өңірінің Кәсіпкерлер палатасы қатысушыларға сертификаттар берді.
Салтанатты рәсімде сертификаттарды Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Маржан Жауен мен Шағын және орта бизнесті дамыту басқармасының басшысы Шолпан Қасымова тапсырды. Олар түлектерді құттықтап, курсты сәтті аяқтағандары үшін жылы лебіздерін білдірді.
Айта кетерлігі, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының барлық курстары Ұлытау облысы әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасының қолдауының арқасында тегін ұйымдастырылып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: