«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Алатау қаласындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

2025 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы облысы
364 просмотров

2025 жылғы 17 қыркүйекте Алматы облысы, Алатау қаласында Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Алматы облыстық филиалы жанындағы Адами капиталды дамыту бөлімі қатысты. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – өңірдегі жұмыссыз азаматтар мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланысты қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету және еңбек нарығындағы қажеттіліктерге сай мамандар табуға жәрдемдесу. Шара барысында «Атамекен» палатасының өкілдері жәрмеңкеге келген азаматтарға кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, кәсіби білім беру, «Бизнес бастау» жобасы, кәсіби бағдар және қайта даярлау курстары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Алдағы уақытта «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осындай маңызды іс-шараларға белсенді қатысып, азаматтарды қолдау, адами капиталды дамыту және өңірлік еңбек нарығын жандандыру бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174