«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбе облысында аграрийлер киіктер мен карантиндік өсімдіктер мәселесін шешуді талап етті

2025 жылғы 23 Қыркүйек
- Ақтөбе облысы
478 просмотров

Ақтөбеде облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешені бойынша салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен сарапшылар көтерген басты мәселелер – киіктердің шамадан тыс көбеюі, карантиндік өсімдіктер, картоп сақтау және ветеринариялық қызметтердің жұмысы болды.

Ең өткір тақырып – киіктердің көбеюі. Аймақтың ең ірі астық өндіруші аудандарының бірі – Әйтеке би ауданында жануарлар егіс алқаптарын жеп, шаруаларға айтарлықтай зиян келтіруде. Жиынға қатысушылар Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, қысқа мерзімде іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді, сондай-ақ уәкілетті органдардың бақылауымен әуесқой аңшылыққа пилоттық жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.


Тағы бір мәселе – бидайдың бур ржавчинасы мен септориоз секілді карантиндік аурулар. Кеңес оларды бюджет есебінен шаралар жүргізілетін нысандар тізіміне енгізуді ұсынды. Бұл шаруаларға өз бетімен еңсеруге қиын ошақтарды жою кезінде мемлекеттік қолдау алуға мүмкіндік береді.

Көкөніс нарығының тұрақтылығын арттыру үшін аграрийлер картоп және көкөніс қоймаларын салуға арналған субсидия алу шегін 500 тоннаға дейін төмендетуді ұсынды. Олардың пікірінше, мұндай шара мемлекеттік қолдауды кәсіпкерлердің кең ауқымы үшін қолжетімді етеді.



Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесі мен «TortTulik» мобильді қосымшасының жұмысы талқыланды. Шаруалардың айтуынша, оларды жетілдіру қажет. Бұдан бөлек, жануарларды вакциналау, көліктерді дезинфекциялау және сырғаларды пайдалану мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұсыныстар дайындап, оларды облыс әкімдігіне және «Атамекен» ҰКП-ға жолдайтын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174