«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістанда «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлердің проблемалық мәселелері талқыланды

2025 жылғы 23 Қыркүйек
- Түркістан облысы
245 просмотров

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлерді  жеке қабылдау және олардың проблемалық мәселелерін қарау мақсатында отырыс өтті.

Отырысқа Палата директорының орынбасары Зухра Амирова төрағалық етті. Шараға прокуратура өкілдері, мемлекеттік органдар және өңір кәсіпкерлері қатысты.

Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
    1.    Жеке кәсіпкер М. Ахметовтың Түркістан қаласы, Төлеби көшесіндегі кәсіпкерлік нысаны алдындағы үздіксіз сызықты үзік сызыққа ауыстыру мәселесі.
    2.    Нарықтағы бағаның өсуіне байланысты жеке меншік мектеп асханаларындағы ас мәзіріндегі бағаларды нарықтық деңгейге сәйкестендіру қажеттілігі.
    3.    «Қазына құрылыс» жеке кәсіпкерлігі С. Шакировтың Түркістан қаласы, Жарылқапов көшесінде орналасқан нысанының жер учаскесі астындағы тозығы жеткен су құбырларын алмастыру мәселесі.

Жиында кәсіпкерлердің ұсыныстары мен шағымдары тыңдалып, тиісті мемлекеттік органдарға шешу жолдары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде өңірлік бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және әрбір көтерілген мәселенің орындалуын бақылауда ұстайтынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174