«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл алқаптарын қорғау: жабайы жануарлардан заң арқылы қорғаныс

2025 жылғы 25 Қараша
- Абай облысы
192 просмотров

Абай облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қатысты өзекті мәселе көтерілді. Жиынға құқық қорғау органдары, табиғатты реттеу мен қорғау саласының мамандары, экономикалық бақылау қызметі және ауыл шаруашылығы бағытындағы жауапты мекемелердің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында егістік алқаптарының жабайы жануарлардан зардап шегуі, әсіресе жабайы қабандардың көбейіп кетуі салдарынан шаруаларға келетін шығындар талқыланды. Қатысушы мекемелер бұл мәселенің созылмалы сипат алып отырғанын, ал оны шешу үшін құқықтық және ұйымдастырушылық шаралардың жетіспей келгенін атап өтті.

Талқылау кезінде жабайы жануарлар популяциясының бақылаусыз көбеюіне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі — белгілі бір өңірлерде аңшылық алқаптарының ресми бекітілмеуі екені анықталды. Бұл жағдай жануарлар санын реттеу механизмдерінің толыққанды жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей отыр. Сонымен бірге, рұқсатсыз аулау заңмен шектелетіндіктен, шаруалардың өз күшімен мәселені шешуі мүмкін еместігі де түсіндірілді.

Отырыстың қорытындысында Кеңес өңірде аңшылық алқаптарын бекітуге бағытталған нормативтік актіні жедел әзірлеуді қолдау жөнінде шешім қабылдады. Мұндай құжаттың қабылдануы жануарлар санын заң аясында реттеуге, ауыл шаруашылығы жерлерін қорғауға және фермерлердің залалын азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174