«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Индустриялық сертификаттау

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Рсепубликасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімін қалыптастырып, жүргізіп келеді. Аталған тізілім ерікті түрде Ұлттық палатаның Төралқасымен бекітілген тәртіпте қалыптастырылады.

 Тізілімге енген кәсіпорындарға отандық өндіруші мәртебесін растайтын Индустриялық сертификат беріледі.

 Отандық өндірушілер тізіліміне қосылу үшін электронды сандық қолтаңба арқылы  doc24.kz сайтында тіркеліп, жеке кабинетте өтінім және электронды құжаттар топтамасын өндірістің территориялық орналасуы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберу қажет.

 Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Тізіліміне қосу процедурасы  9 жұмыс күні мерзім ішінде тегін жүргізіледі.

 Өндіруші Тізілімге 3 жылдық мерзімге ары қарай ұзарту мүмкіндігімен тіркеледі.

 Отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілердің тізілімі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурсында жарияланады.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер