Әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар туралы семинар өтті
Соңғы уақытта мемлекеттік гранттарға қатысты жалған ақпараттар мен алаяқтық сипаттағы жобалардың көбеюі жиілеп отыр. Мұндай жағдайлар әлеуметтік кәсіпкерлер үшін белгілі бір тәуекелдер туғызып, мемлекеттік қолдау шараларына деген сенімге кері әсерін тигізуде.
Осыған байланысты Палата, Түркістан облысы Еңбек мобильділігі орталығы мен Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасы бірлесіп түсіндірме семинарын ұйымдастырды.
Семинардың басты мақсаты – мемлекеттік гранттар саласында ашықтықты қамтамасыз ету, түсінбеушіліктердің алдын алу және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау.
Іс-шара барысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған қолдау құралдары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда:
• 5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік грант,
• жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға бағытталған 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік грант туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті мамандардан нақты жауаптар алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл семинар әлеуметтік кәсіпкерлер үшін пайдалы әрі маңызды ақпарат көзі болып, олардың мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануларына жол ашады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: